Жайдарлы Жуалы лигасы

0 55

«Әулиеата жастары» өңірлік бағдарламасын жүзеге асыру аясында халық жазушысы, қоғам қайраткері Ш. Мұртазаға 90 жыл толуына және 25 қазан — «Республика күні» мерекесіне орай мектеп қабырғасындағы жас жайдарманшылар арасында «ҰЛТ АБЫЗЫ—ШЕРАҒА» атты сайыста аудан әкімі кубогы додаға түсті.

Жастардың ұтымды әзілі мен сахналық шеберлігін сынға алып, лайықты бағасын берген әділ қазы алқалары:
«Жаңа өмір-Новая жизнь» қоғамдық саяси газетінің бас редакторының орынбасары-Дербісалиев Нұржан Манасұлы;
Аудандық мәслихат депутаты, «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры — Телеушов Мейіржан Бегасылұлы;
Шоумен, асаба-Әліш Рауан Мекемтасұлы;
«Іскер әйелдер» қауымдастығының «Жас қанаттар» төрайымы, жас кәсіпкер – Сұлтан Нуриза;
Республикалық жайдарман ойындарында облысымыздың намысын қорғап жүрген, «Медиум» командасының капитаны-Юсуп Еламан;
«Қарасаз» жайдарман құрамасының капитаны-Қалыш Данияр Жәнібекұлы.

Бір кезеңнен тұратын ойынға ауданнан 18 команда қатысты.
Өткізілген сайыста жастардың ұтқыр әзілдеріне мақтау айтып, жіберген кемшіліктеріне лайықты сын ескертпелер айтқан әділ қазылар алқасының шешімімен барлық командалар 1/8 финалға жолдама алды.

Сонымен қатар аудан әкімі кубогы үшін сайысқа түскен мықты командалардың ішінен
І орын – Көкбастау ауылдық округінің жастарынан құралған «Болашақ лидерлер» құрамасы;
ІІ орын – Қошқарата ауылдық округінің жастарынан құралған «Қошқарата» құрамасы;
ІІІ орын – Билікөл ауылдық округі жастарынан құралған «Билікөл жастары» құрамасы иеленді.
Жайдарман сайысына қатысып өз белсенділіктерін танытқан жүлделі орын иегерлеріне ұйымдастырушылардың атынан алғыс хаттар, аудан әкімінің дипломы және кубогі табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.