Талас ауданының 95 жылдығына орай «Тұғыры биік — Таласым!» атты мерекелік концерті өтті

0 33

Таласта  орталық «Жеңіс» алаңында Талас ауданының 95 жылдығы, Қаратау қаласының 60 жылдығына орай, Ұлбике ақын атындағы мәдениет орталығына қарасты Майтөбе, Қожағаппар ауылдық клубтарының «Тұғыры биік — Таласым!» атты мерекелік концерті өтті.

Талас ауданының 95 жылдық тарихына үңілсек , Талас ауданы Жамбыл облысының оңтүстік — батысында орналасқан әкімшілік бөлік. 1928 жылы құрылған. Жерінің аумағы 12,2 мың км². Аудан орталығы – Қаратау қаласы Тараздан солтүстік — батысқа қарай 105 км жерде орналасқан.

Тұрғындар саны 55 117 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (87,25%), орыстар (6,31%), басқа ұлт өкілдері (6,43%). Халықтың аудан бойынша тығыздығы 1 км²-ге 4,4 адамнан келеді. Аудан аумағында халық біркелкі қоныстанбаған. Халықтың басым көпшілігі оңтүстігі мен оңтүстік — батысында және Талас өзен аңғарында орналасқан. Бұл өңірлерде 1 км²-ге 13 – 15 адамнан келеді.

Сондай ақ, Аудан жерімен Талас, Аса, Көктал, Тамды өзендері ағып өтеді. Билікөл, Ақкөл, Ақжар, Ащыкөл, Тұздыкөл көлдері бар. Жері сұр, шалғынды сұр, бозғылт қоңыр топырақты, солтүстігінде құмды, құмайтты топырақ қалыптасқан. Өсімдіктерінен: жусан, баялыш, шеңгел, жыңғыл, жүзгін, изен, теріскен, күйреуік, сексеуіл өседі. Қасқыр, түлкі, қоян, ақбөкен, саршұнақ, аламан, тасбақа, кесіртке, жыланның бірнеше түрі кездеседі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.