Жамбыл өңірінде алғаш рет «Жас мемлекеттік қызметшілер форумы» өтткізілді

0 24

12 – тамыз «Халықаралық жастар күніне» орай ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті және Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Жас мемлекеттік қызметшілер форумы» өтті.

Форумның мақсаты — өңірдегі мемлекеттік қызметтің оң имиджін одан әрі көтеруді, жас мемлекеттік қызметшілерге қолдау көрсетуді, мем­л­екеттік қызметшілердің негізгі миссиясы елге қыз­мет ету екендігін түсіндіруді, әділ­­­, жауап­кер­ші­лігі жоғары, адалдық және парасаттылық қасиеттерге ие тұлға ретінде қалыптастыруды көздейді.

Форумның бірінші күнінде жас мемлекеттік қызметшілердің коммуникациялық дағдыларын дамыту, шығармашылық қабілеттерін шыңдау және кәсіби білімін жетілдіруге бағытталған «Ой шебері» өңірлік зияткерлік сайысы өтті.

Іс-шара барысында жас мемлекеттік қызметшілер үшін Тараз қаласында орналасқан Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі мен көрмелерді таныстыру шарасы ұйымдастырылды.

Департамент жанынан құрылған «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органының мүшелері, ерікті жас мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ, «Ой шебері» зияткерлік сайысының қатысушылары «Үміт» балалар үйінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қайырымдылық іс-шарасын өткізді.

Форумның негізгі бөлігі (екінші күні) «Баласағұн» атындағы мәдениет сарайында өз жалғасын тапты.

Форумға 18 бен 35 жас аралығындағы 500 жас мемлекеттік қызметші қатысты.

Форумды облыс әкімі аппаратының басшысы М.Мәтен ашып, жас мемлекеттік қызметшілерді биік мақсаттарға қол жеткізу үшін, атқарып отырған қызметін сапалы жүзеге асыруға жігер­лендіру, елге адал қызмет ету қажеттігін, елдің ертеңі жастардың қолында екенін атап өтті.

Іс-шара барысында, Департамент басшысы Л.Ілебаев халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы мен әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметшінің міндеті екенін тілге тиек етті.

Сондай-ақ, Мемлекеттік басқару жүйесі үшін талантты жастарды анықтау және тарту мақсатында ағымдағы жылдың қыркүйек айында Президенттік жастар кадр резервіне кезекті үшінші іріктеу кезеңі басталатыны туралы толық мәлімет берді.

Әрі қарай, Президенттік жастар кадр резервшісі-Техникалық реттеу және метрология комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Дәулет Қуатұлы Қалдығужин Президенттік жастар кадр резерві жобасы туралы мәлімет бере отырып, аталған жоба өзінің білімі мен дағдыларын ел игілігі үшін қолдануға бірегей мүмкіндік бергенін атап өтті.

Бұдан әрі бірқатар мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметке қосқан елеулі үлестері үшін марапатталды.

  • Атап айтқанда, Талас ауданы Берікқара ауылдық округінің әкімі Е.Смаилов ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының «Алғыс хатымен», ата-анасы Департамент басшысың «Алғыс хатымен»;
  • «Үздік ауыл әкімі» республикалық конкурсының бас жүлдегері Қордай ауданы Қарасай ауылдық округінің әкімі К.Елемесова облыс әкімінің «Алғыс хатымен»;
  • «Ой шебері» өңірлік зияткерлік сайысының І, ІІ, ІІІ орын жеңімпаздары жүлделі сыйлықтармен мапаратталды.

Екі күнге жалғасқан  «Жас мемлекеттік қызметшілер форумы» концерттік бағдарламасымен ұласып, өз мәресіне жетті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.