Қазгидромет Қазақстанның біраз қалаларында ауа райы күрт суитынын хабарлады. 12 желтоқсанда кешкі уақыттан бастап алматылықтар да қатты аязды сезінді. Мұндай ауа райында көпшілік үйде отырғанды жөн көреді. Аяздың денсаулыққа пайдасы бар ма? Аязды күні далаға шығарда нені ескеру қажет? Бұл сұрақтарға «Доктор Питер» порталына кардиолог Алексей Жито жауап берді, — деп хабарлайды Massaget.kz.
«Біз ауа райын өзгерте алмаймыз, бірақ оған деген қарым-қатынасымызды өзгерте аламыз. Аязды күні далаға шығу сынақ секілді көрінуі мүмкін, себебі аяқ-қолыңыз жылдам тоңады, бетіңіз қабыршақтанады және тұмауратып қалуыңыз мүмкін. Алайда мұндай ауа райы ағзаңызға пайдалы бола алады», — дейді Алексей Жито.
Ақпарат дереккөзі: massaget.kz