Болат пен шойын Ресейге шығарыла бастады

0 4

Жамбыл облысындағы «Запчасть» АҚ –на қарасты «Арматура Тараз зауыты» ЖШС-нің шығарған өнімдері ішкі нарық сұранысын толық жабады. Қазір қалған өнім Ресейге экспортқа шығарыла бастады,-
Еуропалық үлгідегі сапалы арматура шығаратын кешенде бір ауысымда 300 тоннаға дейін арматура шығарылады. 2025 жылдың шілде айынан бастап өндірілген өнім түрлерін кеңейтіп, өндіріс көлемін ауысымына 400 тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда.
Ал «Запчасть» АҚ кәсіпорнында жылына 100 мың тоннадан астам болат пен шойын әзірленеді. 2026 жылға қарай заманауи технологияларды енгізудің арқасында бұл көрсеткішті екі есеге арттыру жоспарлануда. Қазір мұнда 588 адам еңбек етеді.Бүгінгі таңда 4 цех жұмыс істейді: электр болат балқыту, болат құю, механикалық штамптау және әмбебап цех.Сонымен қатар «Запчасть» теміржол жылжымалы құрамдарының құрамдас бөліктерін шығарады.
Бүгінде «Запчасть» АҚ-да реверсивті материалдарды өңдейтін цех салу жобасы жүзеге асырылуда.
Жаңа цехты пайдалануға беру болат балқыту өндірісінің өзіндік құнын 50 пайызға дейін төмендетіп, құю цехының өнімділігін 200 пайызға арттыруға мүмкіндік береді. Жобалық қуаттылығы – жылына 30 мың тонна.

Leave A Reply

Your email address will not be published.