ФИНАЛ ЖӘНЕ ПРЕМЬЕР ЛИГА: «IQ JASTAR» интеллектуалды ойыны

0 4

Байзақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «IQ JASTAR» интеллектуалды ойынының финал және премьер лига кезеңі өз мәресіне жетті.

16 команданың қатысуымен өткен тартысты ойын 6 бөлімнен құралды. Әр бөлім жеті сұрақтан келсе, әр сұрақты ойлануға 30 секундтан берілді. Сайысқа қатысушылар «Қара, оқы, тыңда», «Медиа әлемі», «Спорт әлемі», «Қара жәшік», «Қазақстан», «Х» тақырыбы бойынша өзара кім мықтыны анықтады.

Аса тартысты да қызықты сәттерге толы сайыс қорытындысы бойынша финалдық кезеңде бірінші орыннан «SQ интеллект» командасы шықты. Ал, «3+2» командасы жүлделі екінші орынға ие болса, «Өзіміз» командасына үшінші орын бұйырды. Премьер лига қорытындысы бойынша “Media Group” командасы жүлделі бірінші орынмен марапатталды.

Жеңімпаз командаларға Кубок, Диплом және ақшалай сертификаттарды аудан әкімінің орынбасары Рүстем Қасымов, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадина Сейтқазина табыстады. “Бегей” сауда орталығының демеушілігімен ынталандыру мақсатында “Dream team”, “Абланов жастары” және “Номад” командаларына ақшалай сертификаттар табыс етілді.

Айта кетейік, іс-шараның негізгі мақсаты — интеллектуалды ортаны қалыптастыру, түрлі мекеме қызметкерлері, жастар және аудан тұрғындары арасында білімге құштарлықты арттыру, бос уақытты тиімді пайдалану, командада жұмыс жасау арқылы мәселені талқылау қабілетін дамыту, яғни, елімізде зияткер буын өкілдерін қалыптастыруға үлес қосу болып табылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.