Шегірткемен күрес қарқын алды

0 7
Егістіктің ең басты жауы саналатын шегіртке — жолындағысының бәрін жайпайтын зиянкеске жатады. Шаруаларды шығынға батырып, еңбегін зая кетіретін дала зиянкестерге қарсы күрес жүйелі түрде жүргізілу қажет.
Осы орайда, бүгін аудан әкімі Сәкен Мамытов Түркістан ауылдық округіне қарасты 45 шақырымдық тас жолы аймағында шегірткеге қарсы күрес жұмыстарын зерделеді.
Зерделеу барысында аудан басшысы сондай — ақ, көршілес жатқан Созақ және Бәйдібек ауданының жерлеріндегі дәрілеу жұмыстарымен танысып, жұмыс сапасын бақылады. Жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар беріп, зиянкестерге қарсы күресті күшейтудің маңыздылығына тоқталды.
Бүгінде зиянкестерге қарсы күрес жоспарға сәйкес жүргізілуде. Аталмыш жұмыстарға 4 техника бөлінген. Дәрілеу жоғары қарқынмен іске аса бермек.
Leave A Reply

Your email address will not be published.