Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде қар жауады, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде қалың қар жауады, жел күшейеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, желдің күшеюі 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын болып, жел 15-20, түнде Жарма ауданында 25 м/с күшейеді.
Алматы облысының кей жерінде тұман, көктайғақ болып, түнде жел 15-20 м/с жетуі мүмкін.
Ақмола, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын болады, жел 15-20 м/с күшейеді.
Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады, Қарағанды облысында жел 15-20 м/с күшеюі мүмкін.
Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді.
Дереккөз: Baq.kz