Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында 16 ақпан күні жарысқа шығатын қазақстандық спортшылар белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Олимпиада ойындарының сегізінші күні қазақстандықтар спорттың 4 түрінен бақ сынайды. Атап өтсек, спортшыларымыз мәнерлеп сырғанау, тау шаңғысы, шаңғымен трамплиннен секіру және шаңғы жарыстарынан сынға түсетін болады. Жарыс кестесі: Мәнерлеп сырғанау Ерлер — қысқа бағдарлама: Денис Тен Басталуы сағат — 7:00-де Тау шаңғысы Әйелдер — арнайы слалом: Мария Григорова басталуы 7:00, 10:45 Ерлер — супергигант Игорь Закурдаев Басталуы сағат 8:00 Шаңғы жарысы Ерлер, 15 км, Еркін стиль Денис Волотка, Евгений Величко, Виталий Пухкало, Басталыу — 12:00-де Шаңғымен трамплиннен секіру Ерлер, — іріктеу Сергей Ткаченко Басталуы сағат 18:30-де. Сағаттар Астана уақытымен көрсетілген.
Дереккөз: inform.kz