Бүгін өткен Оңтүстік Қазақстан облысының сессиясында депуттардың қабылдаған шешімімен Мақтаарал және Сарыағаш аудандары бөлінді. Осыдан 21 жыл бұрын, 1997 жылдың сәуірінде Елбасының Жарлығымен Саырағаш және Келес аудандарын біріктірумен — Сарыағаш, Жетісай, Асықата, Мақтаарал аудандарын біріктірумен-Мақтаарал ауданы құрылғаны белгілі. Біріккен аудандар дәл осындай жолмен қайта бөлініп шыққандығы жайлы www.oinet.kz |жазды.
Мақтаарал ауданы: Мақтаарал, Жетісай, Асықата аудандары, Сарыағаш ауданы: Сарыағаш және Келес аудандары болып бөлінді. Жетісай ауданының орталығы-Жетісай қаласы, Асықата ауылының орталығы –Асыақата кенті, Мақтаарал ауданының орталығы-Мырзакент, Сарыағаш ауданының орталығы — Сарыағаш қаласы, Келес ауданының орталығы -Абай ауылы болып белгіленді.
Депутаттардың қабылдаған шешімінен кейін құжаттар Үкімет пен Президент әкімшілігіне жолданады. Аудандарды ресми түрде бөлу Елбасының Жарлығымен бекітіледі.
Жаңа аудандарды құру және қосымша штаттық бірліктер үшін 15 миллиард теңге жуық қаражат қажет екен. Оның негізгі бөлігі жергілікті бюджеттен бөлінбек.