Қазақстандық тау шаңғысы спортының шебері Игорь Закурдаев Пхенчхандағы Олимпиада ойындарында слаломнан өткен жарыстың алғашқы сынынан сүрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сөйтіп, 108 спортшының арасында 80 нөмірмен жарыс жолына шыққан қазақстандық дүбірлі бәсекеден тыс қалды. Үздік аралық нәтижені норвегиялық Хенрик Кристофферсен (47.72) көрсетті. Екінші орында Андре Мюрер (Швеция) (+0.21) тұр. Үшінші орынға француз Виктор Муффа-Жанде (+0.62) тұрақтады. Екінші сынақ Астана уақыты бойынша сағат10-30-да болады.