Тараз қаласының орталығында көлік өртену оқиғасы болды, деп хабарлайды ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» баспасөз қызметі.
25 ақпанда таңғы сағат 08:32 шамасында Тараз қаласындағы Абай көшесі №5-ші үйдің жанында тұрған 1995 ж.ш. «BMW-530» маркалы автокөлігі өртенді. Өрт салдарынан автокөліктің ішкі салоны зақымдалды. ТЖД «ӨСжАҚЖҚ» ММ 4 өрт сөндіруші мен 1 техниканың күшімен өрт сағат 08:48-де толықтай өшірілді. Өрттен зардап шеккендер жоқ.