Партия полиция қызметін тыңдады

0 4

«Нұр Отан» партиясының Жамбыл облыстық филиалында «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының орындалу барысы. Жергілікті полиция қызметін құру және оның қызметінің нәтижелері туралы» тақырыбына Партиялық тыңдау өтті.

Тыңдауды партия облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мұратхан Шукеев ашып, тыңдауға қатысты алдын ала зерттеу жүргізген Жұмысшы топтың жетекшісі, облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшесі Қасымхан Төлендиевке сөз берді.

-Жиналғандарды полиция қызметінің қылмысты ауыздықтау бойынша бірқатар жұмыстар атқарылғаны, алайда қылмысты ашу, қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өрістету, полиция құрылымдарын техникалық жабдықтау бойынша белсенді жұмыс жүргізу қажеттілігі турасында қысқаша баяндады, — ол өз сөзінде.

Осыдан соң, облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметі (ЖПҚ) бастығының орынбасары Мұрат Байсеркенов 2016-2017 жылдары атқарған жұмыстар турасында хабарлама жасады. Полиция қызметкерлері қылмыс пен құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында 203 локальді іс-шаралар ұйымдастырып, ізін суытпай 459 қылмыс ашылғаны туралы айтты.

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелерінің қызметкерлері 738 кездесу-насихат жүргізген. Мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдармен бірлестікте 86 конференция, брифинг, семинар, тренинг өткізілген. Газеттерде 80, радиожелісі арқылы 7 ақпарат, облыстық «Қазақстан-Тараз» және коммерциялық «77» телеарнасынан 25 бейнекөрсетілім берілген, ақпарат-агенттіктерде 35 материал жарияланған.

2017 жыл тіркелген қылмыстар саны 2016 жылмен салыстырғанда 21,6% төмендеген. «Мал ұрлығына тиімді тосқауыл» бағдарламасында көрсетілген іс-шараларды іске асыру нәтижесінде Жамбыл облысы аумағында есептік кезеңде мал ұрлықтары 19,1% төмендеген. Алайда, ауыр және аса ауыр қылмыстардың төмендеуіне қарамастан Жамбыл облысы аумағында кісі өлтіру дерегі 41% өскен. Есепті кезеңде тәртіптік жауапкершілікке ЖПҚ-нің 805 қызметкері тартылған.

Партиялық тыңдау нәтижесі бойынша облыстық ІІД, облыс, Тараз қалалық және аудандық әкімдіктерге жедел профилактикалық іс-шаралардың өткізуді жалғастыру, «Көршілер бақылауы» жобасының потенциалын дамыту, полиция ғимараттарын пандустармен жабдықтау, тірек бекеттеріне басыбайлы әкімшілік ғимараттарын беру мәселелерін қарау, келушілер күту орындарын қолайлы ету, қылмысқа қарсы үгіт-насихаттық көрнекі құралдармен жабдықтау, қылмыстың ізін суытпай ашу үлесін арттыру, жол оқиғаларының алдын алудың кешенді шараларын іске асыру, тасымалды бейнерегистраторлармен қамтамасыз ету, қоғамдық көліктерде бейнекамера орнату мәселесінің оң шешімін табуына ықпал ету т.б. ұсыныстар берілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.