Үшінші дүниежүзілік көшпенділер ойындары қыркүйекке жоспарланды

0 10

Әлемнің түкпір-түкпірінен өз қызығушылары мен ойыншыларын қалыптастырып үлгерген Қырғызстан ұйымдастыратын дүниежүзілік көшпенділер ойындары бауырлас елдің ең сәтті мәдени жобасы деп атауға болады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Осымен үшінші рет өткізілгелі отырған дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2018 жылдың 2- қыркүйегіне Ыстық көл аймағындағы Шолпан-Ата қаласында өтеді.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындардың салтанатты ашылуына әлемнің 80 елінен 3000-ға жуық спортшы қатысып,  36 түрлі этникалық спорттық жарыстардан бақ сынайды.

көшпенділер

Ⓒжелі

Ойындарды әлемнің 50 елінен келген 500-ге жуық БАҚ өкілдері жария ететін болады.

Премьер-Министр Сапар Исаков 2017 жылғы 15 желтоқсанда – көшпенділер ойындарын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі дайындық жұмыстары басталғанын айтқан болатын.

Исаков көшпенділер мәдениеті жас ұрпақ арасында танымал болып келе жатқан көне өркениеттердің бірі екенін атап өтті.

«Үшінші дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ауқымы қатысушы мемлекеттердің іс-шараға қызығушылығын тудырады және еліміздің имиджі мен туристік тартымдылығын арттырады», — деді Исаков.

Дереккөз: qamshy.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.