Тоқмәдиге қатысты сот үкімі оқылды

0 1

Банкир Ержан Тәтішевті өлтірді деген күдікке ілінген кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди 10 жыл 6 айға сотталды, деп хабарлайды zhambylnews.kz.

Тараз қаласында бір айдан бері өтіп жатқан атышулы Тоқмәди ісіне осындай нүкте қойылды.

Бүгін Жамбыл облысы бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында үкім оқылды.

14 жыл бұрын болған қылмыстық оқиға арнайы тапсырыспен жасалған. Мұхтар Әблязовтан қомақты қаржы алған М.Тоқмәди аңшылық кезінде банк басшысы Ержан Тәтішевті әдейі атып өлтірген.

Өткен 11 сот процессі барысында барлық куәгерлер сұралып, шет ел сарапшыларының қорытындылары тыңдалған болатын. М.Тоқмәди өз кінәсін толық мойындаған еді. Мемлекеттік айыптаушы «шыны королі» атанған кәсіпкерді 12 жылға соттауды сұраған. 78 томдық қылмыстық істі зерделеген судья М.Тоқмәдиді 10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.