Синоптиктер демалыс күндері ауа райы қандай болатынын айтты

0 1

«Қазгидромет» РМК 17-19 наурыз аралығындағы ауа райына болжам жасады.

Синоптиктердің болжамынша, демалыс күндері батыста қар аралас жаңбыр жауады.

17-19 наурыз аралығында республиканың басым бөлігінде ауа райына антициклонның тау сілемдері әсер етеді. Дүйсенбіде Ресейдің Еуропалық бөлігінен ығысатын атмосфералық ағымдардың әсерінен ауа райы жауын-шашынды болады. Солтүстік облыстарда қар жауып, боран соғады,  оңтүстікте жаңбыр жауады. Ал батыс өңірлерінде, керісінше, демалыс күндері жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады. Ал дүйсенбі күні жауын-шашынсыз болады деп болжанып отыр.

«17 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде тәулік бойы 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, бұрқасындатады», — делінген хабарламада.

Leave A Reply

Your email address will not be published.