Таразда велоспорттан қысқы чемпионат басталды

0 0

Бүгін Таразда велосипед спорт түрінен ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты басталды, деп хабарлайды «ЖамбылНьюс» АА тілшісі. 

«Достық» алаңында бастау алған чемпионатқа еліміздің Астана, Алматы қалаларының және облыстардың құрама командаларынан 165 спортшылар қатысты.

 «Бүгін Таразда  үлкен спорт мерекесі болып жатыр. ҚР тасжолдағы велосипед спортынан қысқы чемпионат мұнда үшінші жыл өтіп жатыр. Бүгінгі күн чемпионатқа қатысушылардың рекордтық санын жинады: 125 ер мен 40 әйел бақ сынасып жатыр. Олар жеке жарыста, критериум жарысында, сондай-ақ тасжолдағы жарыс бойынша «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» автожолында күш сынасады, бұл спортшыларға өте үлкен сынақ  болып табылады. Бұл күрделі автожол аумағын бірнеше буын велосипедшілері бағындырып келеді. Қатысушылардың арасында көптеген жарыстарға қатысқан,  Азия чемпиондары, веломаусымның бірнеше мәрте жеңімпаздары, ел мақтанатындай  ең мықты жасөспірімдер қатары бар, — деп атап өтті Сергей Бредихин, ҚР Қысқы чемпионатының Директоры, ұлттық дәрежедегі төреші.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды ерлер арасында алматылық Григорий Штейн, екінші орын оңтүстік қазақстандық Сұлтанмұрат Миралиев, Солтүстік Қазақстан облысының тумасы Арман Қамышевке қола жүлде  бұйырды.

Әйелдер арасында велотректе өзін үздік жағынан көрсеткен Фаина Потапова бірінші орын, екінші орынды әділқазылар  алқасы астаналық Брагинец Вероникаға берсе, ал оның жерлесі Марина Курносова  үшінші орынға ие болды.

Үздік бірінші орынды иеленген Ф.Потапова Швейцарияға оқу – жаттығу үшін шақырту жарыс кезінде келгендігін чемпионат директоры  атап кетті.

Велосипед спорты бойынша ҚР қысқы ерлер мен әйелдер арасындағы Таразда 16-19 наурыз аралығында чемпионаты өтіп жатыр

Leave A Reply

Your email address will not be published.