Семейдегі мектептердің біріне “бомба қойылды”

0 3

Семейде мектеп ғимаратына бомба қойылды деген жалған ақпарат таратылған. Жалған ақпарат таратқан адам ұсталды. Бұл туралы Семей қалалық ІІБ баспасөз қызметі хабарлады, Stan.kz 

Қаладағы №28 орта мектеп ғимаратына бомба қойылғаны туралы хабар тараған. Сабақта отырған ұстаздар мен оқушылар хабарды ести сала сөмкелерінсіз, тіпті киімсіз сыртқа жүгірген.

Оларды жартысы  № 37 мектеп-гимназиясына, қалған оқушылар қалалық Мәдениет сарайына орналастырылған.

«Оқиға орнына дереу жеткен арнайы қызмет өкілдері білім ордасынан ешқандай жарылғыш зат таппады. Көп ұзамай күдікті азамат қолға түсті» делінген хабарламада.

Азаматтың психикалық ауруға шалдыққан болу мүмкін. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.