Елорда әкімі Әсет Исекешев Астана қаласындағы тасқын судың алдын алу жұмыстарын тексерді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.
Кешенді жоспарға сәйкес су тасқынын болдырмау жөнінде астананың аумағында 2018 жылы 27 ықтимал су басу учаскелері белгіленді.
«Қазгидромет» РМК және Астана қаласының ТЖД қызметкерлері шамамен 280 млн м3 жауын күтілуде.
«Астана қаласын Есіл өзеніне құйылатын қар суынан қорғау»нысанында бөгендерін нығайту бойынша жұмыстар жүргізілді, кешен су қабылдауға және ағызуға толық дайын.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежай ауданы және Майбалық көлінен су ағызатын канал зерттелген.
аласының кейбір аудандарында «Есіл» өзенінің арнасын кеңейту туралы шешім қабылданды. Еске сала кетейік, өткен жылы Талапкер ауылына ағатын өзен бойында су басу қаупі жоғары учаскелер анықталған.
Тексеру қорытындысы бойынша, астана әкімі көктемгі су тасқыны жағдайын бақылауда ұстауды және күннің жылынуына байланысты тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыруды тапсырды. Әсет Исекешев тұрғын үй алаптарынан қар шығаруды тез аяқтауды және кәріз жүйелерін қар суын қабылдауға дайындауды тапсырды.