Кейбір өңірлерде су тасқыны қаупі әлі де сақталуда

0 0

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Самарқанд су қоймасында болып, су тасқынына қарсы шаралар дайындығы қалай өтіп жатқанымен танысты, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайты.

Әкімге «Казводхоз» РМК Қарағанды филиалының директоры Дүйсембай Әбжанов мәлімдегендей, барлық су қоймалары мен суаттардағы жағдай бақылауда.

— Қазір Самарқанд су қоймасында біз секундына 33 текше метр су жіберіп жатырмыз. 21 наурызға дейін біздің болжам бойынша 170 млн текше метр су болуы тиіс, — дейді Дүйсембай Әбжанов. — Қазіргі уақытта бұл көрсеткіш 180 млн текше метрден сәл асып отыр. Бұл көп емес, 4 күнде 9 млн жібереміз деп жоспарлап отырмыз. Су көлемі көтеріле бастағанда, үлкен қақпаны ашамыз. Су қоймасында 4 қақпа пайдаланылады, су деңгейі автоматты түрде арнайы құрылғының көмегімен анықталады.

— Су тасқыны қаупі әлі де сақталуда, сондықтан барлық қызметтерге барынша дайын болу керек, — деп қорытындылады Қарағанды облысының әкімі. – Біз барлық дерлік жерлерде қорғаныс үйінділерін жасадық, су тасқыны қаупі жоғары елді мекендерде біз дайындалып отырмыз. Алайда көктемгі су тасқынын болжай алмаймыз, су біз ойламаған елді мекендерде кетуі мүмкін. Оның барлығын ескеру қажет. Барлық учаскелік полицейлерге өзен арналары қалай тазаланып жатқаны және қар шығару жұмыстары қалай атқарылып жатқанын тексеру тапсырылды. Егер ертең бір жайттар болып, елді мекендерді су басып жатса, барлығын жазалаймыз, тіпті шығындарды өздеріне өтетуге дейін барамыз, — деді Ерлан Қошанов.

Leave A Reply

Your email address will not be published.