ОҚО-да 85 жастағы әйел өз баласын өлтірді деген күдікпен ұсталды

0 17

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында анасы өз баласын өлтірген, — деп хабарлайды Тengrinews.kz .

«2018 жылдың 16 наурызында Сайрам АІІБ-не өзінің баласын өлтіргені туралы хабарлаған. Оқиға орнына келіп жеткен полиция қызметкерлері 1963 жылы туылған ер азаматтың мәйітін анықтады. Күдікті ретінде өлген азаматтың 1933 жылғы анасы екені анықталды. Қазіргі таңда күдікті сот шешімімен үй қамаққа алынды», — делінген хабарламада.

Осы дерекке қатысты Сайрам аудандық ішкі істер басқармасы сотқа дейінгі тергеу шарасын жүргізіп жатыр. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің мәліметінше, өлтірілген азамат алкогольдік ішімдікке бейім болған және ІІО мен наркодиспансер есебінде тұрғаны белгілі болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.