Газ құрылғысын дұрыс қолдана алмай қайтыс болды

0 13

22 наурыз күні Оңтүстік Қазақстан облысында Қызыләскер ауылындағы 1959 және 1960 жылы туған екі адам иіс газынан уланып қайтыс болды. Алдын ала болжам бойынша, адамдардың өліміне газ құрылғысын дұрыс қолдана алмауы себеп болған, деп хабарлайды Baq.kz.

Шақырылған жерге келген апаттық жағдай бригадасы газ құрылғыларының техникалық жағдайы бұзылғанын анықтады. Жуынатын бөлмеде «SF» маркалы суды жылытатын құрылғы орнатылған.

Түтін өткізетін гофра қабырға арқылы далаға шығарылған, түтін өткізетін құрылғы ағып тұрған суды өзіне тартып ала алмайды. Жуынатын бөлмеде желдету құрылғысы жоқ. Апаттық жағдай қызметі газ кранының бетін бітеп қойды.

Үй ішінде газ құрылғысын қолдану туралы келісімшарт пен түтін өткізу құбырларын тексеру туралы акт жоқ. Жағдайдың себептері сот-медициналық сараптама нәтижелері бойынша анықталады.

Сондай-ақ, 24 наурыз күні Атырау облысы Махамбет ауылында 1986 жылғы ер адам газдан уланып қайтыс болды. Оқиға болған жерге 11:21-де келген темір ұстасы газ кранының үйге кіретін жерін бітеп қойды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау кезінде газбен жылытылатын пештің қақпағы жабық болғаны, соның нәтижесінде түтін өткізу құрылғысы бітеліп, газдың үй ішінде таралып кетуіне себепші болғаны белгілі болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.