Елімізде ауруханалардағы стационарлық қызметтің шығындарын қысқарту керек

0 0

Назарбаев Университетінің ғалымдары бүгін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты өткен семинарда осындай ой-пікірлерін ортаға салды.

Қазіргі таңда денсаулық сақтау саласына кететін барлық қаржының 50 пайызы емханаларда жатып емделуге жұмсалады. Ал дамыған мемлекеттерде бұл көрсеткіш тек 34 пайыздың шамасында. Мамандардың айтуынша, қаржыны стационарлық қызметтен гөрі, медициналық-санитариялық көмек пен консультациялық-амбулаториялық емделуге бағыттаған жөн. Осылайша олар ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеуді ұсынып отыр.

Жанна Капсалямова, Назарбаев Университетінің доценті:

— Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың макроэкономикалық әсері қандай болмақ? Ұлыбритания ғалымдарымен бірлесе зерттеу жүргізіп, алдын ала мынадай  қорытынды шығардық. Бүгінде денсаулық сақтау саласына жұмсалатын қаржының 55 пайызы мемлекет еншісінде болса, 45 пайызын жеке сектор төлеп отыр. Медицинаның қымбаттығы да сондықтан. Жаңа реформа толығымен енгізілсе, ел экономикасына да, тұрмысы төмен азаматтардың әл-ауқатына да оң ықпал етеді.

Дереккөз: 24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.