Дабыл жүйесін өшіріп тастаған күзетші ұсталды

0 16

Кемеровода өртенген «Зимняя вишня» сауда үйінде өрт дабылы жүйесін өшіріп тастаған Жеке күзет кәсіпорны (ЖКК) қызметкері ұсталды. Бұл туралы дүйсенбі күні РФ Тергеу комитетінің ресми өкілі Светлана Петренко мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС.

«Қазіргі таңда 5 күдікті ұсталып, тергелді. Олардың қатарында ғимаратқа иегер-компанияның техникалық директоры, алдын ала болжам бойынша өрт басталды делінген алаңды жалға алушы, өрт дабылы жүйесі қызметін көрсететін ұйымның басшысы мен қызметкері және өрт дабылы ойнаған кезде оны өшіріп тастаған ЖКК қызметкері бар», — деп хабарлайды ол.

Бұған дейін ТК Кемероводағы «Зимняя вишня» сауда үйіндегі өрт оқиғасына қатысты қозғалған қылмыстық істің 5-ші күдіктісі бары туралы мәлім еткен. Ол Жеке күзет кәсіпорны қызметкері болып шықты.

Соңғы мәлімет бойынша апат салдарынан 64 адам ажал құшып, 53-і жапа шеккен. 25 мәйіт танылды, оның 13-і ­­- балалар.

Қала ауруханаларында әлі 13 адам жатыр, оның екеуі — ауыр халде. Тағы 49 адам үйден ем алуда.

Өрт сөндірушілер жұмысын жалғастырып жатыр, 16 адамның тағдыры белгісіз.

Еске сала кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев РФ Президенті Владимир Путинге жеделхат жолдап, көңіл айтқан болатын.

Ал, ҚР Сыртқы істер министрлігі алдын ала мәлімет бойынша қаза тапқандар ішінде Қазақстан азаматтары жоқ екендігін хабарлаған болатын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.