Бұл мәліметтерді баспасөз-конференциясына келген Жуалы ауданының әкімі Б.Көпбосынов айтты, деп хабарлайды Zhambylnews AA.
Бұл қаржы ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруді арттыру мақсатында жұмсалмақ. Атап айтқанда:
-Нұрлыкент ауылдық округінде «Гамбург ЖШС» 1200 басқа арналған сүт тауарлы фермасын 1000,0 млн. теңгеге салу;
-Ақтөбе ауылдық округінде «Жаңаталап» ш/қ 50 га егістік алқабына 30 млн. теңгеге суару жүйелерін құру;
— «Жуалы Алатау» кооперативі 600,0 млн. теңге;
— Ауыл шаруашылығы техникалары 200,0 млн. теңге
2018 жылдың қаңтар айында «Агроазықтүлік-нанмен жабдықтау» ЖШС-гі Қытай Республикасына 240 тонна мақсары экспорттады және 10 мың тонна мақсары қабылдап, өндіретіндігін жоспарлап отыр.
Сондай ақ, «Бурное сүт компаниясы» ЖШС-гі Ресей еліне 2018 жылға 80 тонна сары май, 300 тонна сыр, 2400 тонна ультрапастерленген сүт экспорттауды жоспарлап отыр.