Бұл жайында ӨҚК баспасөз орталығында өткен баспасөз-конференциясында Жуалы ауданының әкімі баяндады, деп хабарлайды Zhambylnews АА.
Жоспар бойынша 4 кооператив құрылуы керек болса, нақты жұмыс 4 есеге артық орындалған.
Ауданда сүт бағытында 6 кооператив, ет бағытында 6 кооператив және басқа да 2 кооператив, барлығы 14 кооператив құрылыпты.
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы барлығы 1 млрд. 178,4 млн. теңге несие алынып, 3680 бас МІҚ малы сатып алынған.Нәтижесінде 507 адам жұмыспен қамтамасыз етілді.