Енді ХҚКО-да жүргізуші куәлігін алып, көлікті тіркеуге болады

0 1

Жақын арада облыс орталықтарының тұрғындары ХҚКО-да жүргізуші куәліктерін ауыстыру немесе көліктерін тіркеу мүмкіндігіне ие болады. Бұл туралы ҚР ІІМ ӘПК баспасөз хатшысы Ирина Лукьянина-Костерева мәлімдеді.

«Жол қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту мақсатында Ішкі істер министрлігі «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірлесе отырып «Әкімшілік полицияның ауданаралық және аудандық тіркеу, емдеу пункттерін қайта бөлуді Халыққа қызмет көрсету орталықтарына ауыстырды.

Қазіргі таңда 10 өңірде 23 РЭП-ті ХҚКО-на орналастыру бойынша дайындық шаралары жүргізілуде. Ол жақын арада жұмыс істей бастайды. Бұл басқа да мемлекеттік қызметтерді алуға, сондай-ақ көлікті тіркеп, жүргізуші куәліктерін алуға мүмкіндік береді», — деді Ирина Лукьянина-Костерева.

Дереккөз: Baq.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.