Футболдан Қазақстан жастары Люксембургті ойсырата ұтты

0 15

Астанада өткен ойында отандастарымыз 3:0 есебімен жеңіске жетті. 

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы (U21) 2019 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Люксембург жастар құрамасын ойсырата ұтты. Астанада өткен ойында отандастарымыз 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Ойындағы алғашқы голды 7 минутта Иван Антипов соққан. Алайда төрешілер ойыншыны оффсайдта қалды деп есептеп, голды есепке алмады. Араға 3 минут сала Ян Вороговский Қазақстан жастар алға шығарды. 13 минутта дубль жасап үлгерді. 73 минутта қонақтар сапынан қорғаушы Седрик Сакра екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды.

Сондай-ақ Люксембург жастар құрамасы қақпасына пенальти белгіленді. 11 метрлік соққыдан Максим Федин мүлт кеткен жоқ. Қазақстан жастары топтық кезеңде 7 ойын өткізіп үлгерді. 2 рет жеңіске жетіп, 3 рет тең түсті. 2 ойында қарсыластарына есе жіберді. 9 ұпаймен үшінші орында келеді. Талғат Байсуфинов жаттықтыратын команда келесі ойынын 7 қыркүйек күні елімізде Словенияжастарына қарсы өткізеді.

Дереккөз: vesti.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.