Өткен жылы Тараздағы елді дүрліктірген оқиғаның басты кейіпкері бостандыққа шықты.
Ведомоствоның мәліметінше, облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқа соты 2017 жылдың соңында шығарылған үкімді қайта қараған. Сот «денсаулыққа әдейі зиян келтіру және «бұзақылық» жасауды ауыстыруға болады деп тапты.
Еске сала кетсек, 2017 жылы қарашада Жамбыл облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот процесі өткен болатын. Онда Тараздың орталығында түнгі мезгілде қызара бөрткендердің арасында туындаған жанжалда видеокамераға түсіп қалған Жамбыл облысы ІІД басқармасы бастығының ісі қаралған еді. Ол — Экстемизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Умбетәлиев пен криминальдық полиция бастығы Ерлан Бектұрғанов және бұрынғы полицей, қазіргі таңда Байзақ аудандық халыққа қызмет көрсету орталығын басқаратын Марсел Жетпісбаевтың арасындағы төбелеске байланысты болған. Оның барысында Үмбеталиев өзіне шабуыл жасаған екеуге пышақ салып жарақаттаған. Салдарынан М. Жетбісбаев жансақтау бөліміне түсті.
Сот шешімімен М.Үмбетәлиев 15 жылға бас бостандығынан айырылған еді.
Дереккөз: ҚазАқпарат