Головкин-Альварес айқасының арнайы белдігі кімге беріледі

0 8

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) Геннадий Головкин мен Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы реванштың жеңімпазына арнайы белдік әзірлеу жөнінде шешім қабылдады.

Мексикалықтың допинг тесті нәтижесіне байланысты 5 мамырға жоспарланған жекпе-жек өтпей қалған жағдайда WBC президенті Маурисио Сулейман белдіктің кімге бұйыратынын жария етті.

Оның айтуынша, 2 мамырда төменгі салмақ дәрежесінде Таиландта жергілікті чемпион Ванхенг Менайотин (49-0, 17 КО) титулын қорғау үшін панамалық орта салмақтағы боксшы Лерое Эстрадамен (16-2, 6 КО) кездеседі. Сол жерде кім жеңсе арнайы белдікті сол иеленеді.

«Бізде осы белдікке қатысты көптеген ой болды. Сол үшін оның үш нұсқасының сызбасын әзірлеп, жанкүйерлерге ұнағанын таңдамақ болдық. Алайда Невада штатының атлетикалық комиссиясы допингке қатысты тыңдауды 10 сәуірден 18-іне ауыстырғанына қарап, реванштың өткізілмеуі үшін барлығы жасалып жатқанын ұқтық», — дейді Маурисио Сулейман.

Оның айтуынша, 5 мамырда Головкин мен Альварес рингте жолықпаса белдік Таиландқа жөнелтіледі.

«Ванхенг Менайотин чемпиондық  титулын қорғайтын жекпе-жекке белдікті жеткіземіз. Егер ол жеңіске жетіп жатса бұл оның 50-0 рекорды болар еді», — деді Сулейман.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Leave A Reply

Your email address will not be published.