Тұралаған кәсіпорындардың «тағдырына» кім жауапты?

0 7

Кеше облыстық әкімдікте аймақ басшысы Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен өнім өңдеуші кәсіпорындар мәселесі жөніндегі кеңес отырысы өтті. Онда облыс аумағында жұмысын тоқтатып тұрған өндірістік және өнеркәсіптік кәсіпорындардың мүмкіндігін пайдалану, олардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдау мәселелері талқыланды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА «Ақ жол» газетінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жол картасында көрсетілген деректерге сүйенсек, қазіргі таңда аймағымызда 1 351 өндіріс орны тіркелген. Кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған жұмыс тобы аталған нысандарды түгел дерлік аралап шыққан. Нәтижесінде, оның 723-і жұмысын тоқтатқаны белгілі болыпты. Жұмыс тобы оның 81-ін жойып, қызметін мүлде тоқтатқан. Ал 623 өндіріс орны көрсетілген мекен-жайы бойынша жоқ болып шыққан. Тіпті, олар туралы мәлімет-деректер де қалмаған.

Сондай-ақ, Асқар Исабекұлы күн тәртібіне көтерілген мәселелерге қатысты ескере кететін бірқатар жайттарды да атап өтті. Мәселен, облыс әкімі қаржылай қолдау көрсетпес бұрын өндіріс ошағының мемлекет қаржысын қайтара алатынына, қазынаға салық төлемдерін жасау мүмкіндігі бар-жоғын анықтауды тапсырған.

Сонымен қатар, мәселелері бар кәсіпорындардың проблемалық картасын жасап, солармен жекелей тілдесу арқылы жұмыс жүргізуді қолға алуды шегеледі.

Біздің Telegram-парақшамызға  Жазылыңыздар!

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.