Жаңа технологияларды игеру — заман талабы

0 14

Елбасы биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында әлемде төртінші өнеркәсіптік ревалюцияның басталғандығын айтты. Жастар «мехатроника және робототехника» деген жаңа мамандықты игеруі тиіс. Осыған орай, қала университеттерінде робототехника құрастырудан конкурс өткізілді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Жамбыл арнасына сілтеме жасап.

«Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдардан бері нарықтық экономика моделін қалыптастырды.  Ендігі міндет жаңа технологияларды трансферттеумен және оларды отандық жағдайда бейімдеумен айналысуымыз қажет. Жыл өткен сайын көптеген мамандықтар жойылып жатыр. Сондықтан заман ағымына сай ғылым мен ілімді игеруіміз қажет» — деді университет ректоры Махметғали Сарыбеков.

Бұл байқауға қатысушылардың барлығы дарынды оқушылар. Себебі, жарысқа  40-тан аса жоба ұсынылып, оның 30 ғана конкурсқа қатысуға жолдама алған.

«Байқауда жас өнертапқыштар үй жағдайында және өндірісте адам жұмысын роботтардың көмегімен  жеңілдететін жобаларды таныстырды. Осы сынақта жеңімпаз атанған оқушыға     М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің ректоры ұсынған арнайы тегін оқу гранты берілетін болады»- деді білімгер Бақдәулет Тілек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.