2016 жылғы АҚШ президентінің сайлауында Facebook қолданушылары туралы жеке мәліметтер пайдаланылды деп америкалықтар дабыл қағуда. Ал әлемнің басқа түкпірінде, яғни, Мьянмада, антимұсылмандық шараларды ұйымдастыру үшін аталған желі зұлымдардың серігіне айналған деп тағы айыпталды. Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Мьянмада аз ғана мұсылманнан құралған Рохинджа шағын тобы бар. Олар елдің қарулы күштерінен үнемі зорлық пен зомбылық көреді. Facebook желісіндегі ақпараттар мен адамдардың жалынды сөздері мұсылмандарға қарсы қолданылды деп Рохинджа тобы шағымдануда. Ашу-ызаға толы хабарламаларды жинап, Кросс-мьянмалық технологиялық фирмасының өкілдері Facebook компаниясының бас директоры Марк Цукербергке ашық хат жазды. Оған Facebook Messenger әңгімелері, screenshotted дәлел ретінде келтірілген.
Хатта Цукербергтің Эзра Кляйнға берген сұхбатынан мысалдар келтірілді.
«Facebook жүйесі азғындық, ашу-ыза шақыратын мазмұндағы сөздерді анықтады» деген Цукерберг сөзін өз елдеріне қатысы бар деп отыр. Цукерберг аталған сұхбатта: «Азғындық сөздері шын мәнінде үлкен проблема, азаматтық тұтастыққа нұқсан келтіретін жағдай. АҚШ және Мьянма сияқты мемлекеттерде Facebook желісіндегі ақпараттар мен хаттарды сүзгіден өткізу керек» деген болатын. Дегенмен, компания нақты ешқандай әрекет жасаған жоқ.
Сарапшы Раймонд Серрато 2017 жылы Мьянма тұрғындары жазған хаттарды саралап шыққан. Ол Рохинджа мұсылмандарына қарсы азғындайтын ақпарат таратылғанын растап отыр. Алдымен, Аракан Рохинджа әскері азғындық көрген халықты жаппай көтеріліске шақырған, оны ел Үкіметі тез арада басып тастаған. Салдарынан ірі көлемдегі «этникалық тазарту» өткізіліп, 700 000 Рохинджа тұрғыны үйлерін тастап, Бангладешке көшуге мәжбүр болған. Олар зорлау әрекеттері мен өлім факторларын дәлел ретінде келтірген. Бір айда 6700 мұсылман қайтыс болған. Мьянма Үкіметі елдегі бұл дүрбелеңді жоққа шығарып, мұсылмандар емес, террористерге қарсы әрекет жасалды деп ақталды.
Жергілікті тұрғындар және БҰҰ өкілдері Facebook компаниясын «жыртқышқа» айналды деп отыр. Сондай-ақ, БҰҰ наурызда Рохинджа мұсылмандарына қарсы ақпарат таратқаны үшін аталған компанияны айыптады. Ал жергілікті құқық қорғаушы Зарни «Facebook емес, оны қолданушылар жыртқыш болып барады» дейді. Оның айтуынша, бүлік шығарушылар әскери немесе діни салада жұмыс істейді, бұл — Бирман қоғамына әсер етуші ең мықты топтар.