Еліміз Қытайға жоғары сапалы ет тасымалдамақ

0 1

Қазақстан Қытайға жоғары сапалы ет тасымалдайды. Бұл туралы «Zhambylnews» AA хабарлайды 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Тараптар бұл келісімге Нұрсұлтан Назарбаевтың осы елге жасаған мемлекеттік сапары аясында келген болатын. Сарапшылардың айтуынша, бұл қадам екі ел үшін де тиімді. Қытай экологиялық таза өнімге қол жеткізсе, ет тасымалы Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін дамытуға сеп болмақ. Сондай-ақ мамандар алыс-берістің артуы ішкі нарыққа әсер етпеуі тиіс деген пікірде.

Сергей Домнин, Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:

– Бастапқыда тасымалданатын ет көп болмайды. Алдағы 50 жылда бұл көрсеткіш мыңдаған тоннаға жетуі мүмкін. Әзірге біздің елде ет дефициті жоқ. Себебі ауқымды қорымыз бар. Қазір нарықтағы импорт көлемі бағаны тұрақты ұстап тұруға мүмкіндік береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.