Facebook әлеуметтік желісі жұмысының бұзылуына байланысты көптеген қолданушының санаулы адамға көрсетуге арналған посттары барлығы үшін қолжетімді болып шықты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Baq.kz сайтына сілтеме жасап.
Танымал әлеуметтік желі 14 млн адамды жеке жазбаларының көпшілік үшін қолжетімді болғанын хабардар етеді.
Жүйе жұмысы бұзылып, авторлардың рұқсатынсыз аккаунт баптауларын өзгертіп жіберген. Осының салдарынан белгілі бір адамдар ғана көре алатын посттар мен мәліметтерді барлық желі қолданушысы көрген.
Бұл қателік жаңа қызметті іске қосып көру салдарынан туындап отыр. Facebook әкімшілігі желі қолданушыларынан кешірім сұрады.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Facebook өкілдерінің смартфон жасайтын компанияларға қолданушылар туралы мәлімет беретіндері белгілі болған еді.