Жамбыл облысында ірі жол апатынан 4 адам қаза тапты

0 13

18-шілде күні Байзақ ауданы аумағында ірі жол апаты орын алды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA.

Оқиға Батыс Еуропа-Батыс Қытай автодəлізінің 495-шақырымында болған. «Volvo» маркалы камаз көлігімен «Nexia» маркалы жеңіл көліктің соқтығысуынан 5 адам зардап шекті. 4-қайтыс болып, 1 адам аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. 1969 жылы туған Алматы облысы, Қарғалы ауылының тұрғынының жарақаты ауыр.  Аппарат арқылы тыныс алуға қосылған. Көлік апаты бойынша құзырлы органдар тиісті жұмыстар жүргізуде.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.