Облыста «Береке» бағдарламасы бойынша 1500,0 млрд. теңге несие беріледі

0 16

Жамбыл облысында кәсіпкерлерге «Береке» бағдарламасы бойынша 1500,0 млрд. теңге несие беріледі. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында өткен брифингте  облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды – инновациялық дамыту басқармасы басшысының орынбасары Жандәулет Кенжебеков мәлімдеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Бүгінде өңірде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында өңірлік кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Береке» бағдарламасы (2015 жылдан бастап) арқылы да төмен пайызбен несие алу мүмкіндігі бар. Аталған бағдарлама шеңберінде бүгінгі таңда 129 кәсіпкерге жеңілдетілген несие берілді.

Несиелеуге бөлінген сома жылдан жылға артып келеді. Өткен жылы облыстық бюджеттен 500,0 млн. теңге және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры тарапынан 500,0 млн. теңге қарастырылып жалпы 1000,0 млрд.теңге болса, ағымдағы жылы бюджетке жүктеме жасамай жүргізілген келіссөздер нәтижесінде әкімдік тарапынан 500,0 млн.теңге және Даму қоры тарапынан 1000,0 млрд.теңге бөлініп, жалпы несиелендіруге жұмсалатын сома 1500,0 млрд. теңгені құрады.

Өткен жылдары несиелендірудің басым бөлігі Тараз қаласындағы жобаларға тиеселі болғандығын ескере, ағымдағы жылы әр аудан әкімдеріне барлық бағдарламалар бойынша оның ішінде,«Береке» бағдарламасы бойынша да несиелендірілген жобалар санының межесі барлығына пропорционалды түрде белгіленді.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы облыстық бюджеттен ауылдық елді мекендердегі шағын және орта бизнесті несиелендіру үшін алғаш рет «Шағын және орта бизнесті қаржыландыру және ауыл тұрғындарына микро кредит беру үшін «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымдарына кредит беру» бюджеттік бағдарламасы арқылы 1000,0 млн.теңге және ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры тарапынан 500,0 млн.теңге бөлініп, 300-ге жуық несие беру жоспарлануда.

Басқарманың басты бағыттарының біріне «2015 – 2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалды – инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру. Облыс аумағындағы жүзеге асырылатын индустриалды – инновациялық жобалардың уақытылай әрі толық қанды іске қосылуына ықпал ету» жатады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.