Облыста 387 су шаруашылық нысаны республикалық меншікке өтті

0 10

Жамбыл облысы аумағында орналасқан 748 су шаруашылық нысандарын республикалық меншікке өткізу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 387 нысан республикалық меншікке өтіп, қалған 361 нысандарының құқықтық құжаттары әзірленуде.  Бұл туралы ӨКҚ алаңында өткен брифингте облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұржан Нұржігітов айтты, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

Сондай-ақ, Жамбыл ауданындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талас-Аса» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны арқылы коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы нысандарында жөндеу жұмыстары мен механикалық тазалау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Аталған жұмыстарды жүргізуге кәсіпорынның теңгеріміне арнайы техникалар алуға облыстық бюджеттен «Облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына» 693,6 млн. теңге бөлінді. Оның ішінде 440,4 млн. теңгеге 14 бірлік арнайы құрылыс және 253,2 млн. теңгеге 32 ауыл шаруашылығы техникаларын алуға жұмсалмақ.

Сонымен қатар, жергілікті бюджеттен жыл сайын жануарлар дүниесін қорғау іс-шараларына қаржы бөлініп тұрады. Ағымдағы жылы 7,4 млн. теңге бөлінді. Бұл қаржыға мемлекеттік орман қоры аумағында мекендейтін аңдар мен құстардың есебі алынуда, биотехникалық т.б. іс-шаралар жүргізілуде. Атап көрсеткенде, зиянкес жыртқыш аңдардың кейбір түрлерінің (қасқыр, шиебөрі, тағы басқара) санын реттеу үшін 2013 жылдан бастап жүйелі түрде қаржы бөлінумен келеді. Бұл жерде олардың саны билогиялық тепе-теңдік көлемінің сақталуы мен өсімінің молайуы ескеріле отырып реттелуде.Жануарларға қырылу қаупі төнген жағдайда оларға көмек көрсету үшін ағымдағы жылы 14 тонна жем, 28 тонна шөп, 11 тонна тұз әзірленіп, олар аң мен құстардың көп мекендейтін ортасына жеткізілді.

Айта кетерлігі, барлық орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелеріндегі рейдтік топтар толықтай бақылау құралдарымен – бинокль, бейнетаспа, фотоаппараттармен қамтамасыз етілген. Атқарылған жұмыстар өз жемісін беруде. Жүргізілген мониторинг нәтижесі көрсеткендей, жабайы тұяқты аңдардың саны тұрақталды және кейбірулерінің өсімі байқалады. Мысалы, 10 жылдың ішінде «Қызыл кітапқа» енгізілген Қаратау арқарының саны 11,6 пайызға, қарақұйрық пен үнді жайрасының саны 1,8 есеге молайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.