Жамбыл облысында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында 1-30 тамыз аралығында 19 670 оқушыға көмек көрсетілді. Бұл туралы «ZhambylNews» AA хабарлайды.
Игі шара барысында 30 күнде жергілікті бюджет есебінен 1 589 балаға 17 млн. 703 мың теңге және демеушілер есебінен 18 081 балаға 94 млн. 066 мың теңге материалдық көмек берілді.
Жылдағы игі дәстүрге айналған «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы 30 қыркүйекке дейін жалғасады.