Жазушы Зейнеп Ахметова ТИГУ студенттерімен кездесті

0 4

Бүгін түстен кейін даңқты батыр, қолбасшы Бауыржан Момышұлының келіні, жазушы Зейнеп Ахметова Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің жастарымен кездесу өткізді, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.

Жазушы университет студенттеріне батыр Баукең туралы көкейіне түйген өнегелі сөздері мен ұрпақ тәрбиесі, дін мен салт-дәстүр жайында  кеңінен сөз қозғады.

-Өзімнің шамам, қарым-қабілетім жеткенше халқымыздың ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыпын жақсы білетін, әрі үйімде қолданатындарын ғана насихаттап айтып жүрген жайым бар. Өйткені, әрбір халық жеке атауға ие болатын ұлт, халық ретінде сақталып қалу үшін оны сақтайтын алдымен тілі. Тіл арқылы таралатын ұлттық салт- дәстүрі, халықтың менталитеті, болмысы, — деді Зейнеп Ахметова. 

Сондай-ақ университет ұстаздары мен студенттері жазушымен естелік суретке түсіп, кітаптарына қолтаңбасын қойғызды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.