CҚО-да студент қыз қайтыс болды: Менингит жұқтырды деген күдік бар

0 9

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин Солтүстік Қазақстан облысында студент қыздың өліміне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды ZhambylNews Ақпараттық Агенттігі Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.

«СҚО-да болған жағдай бойынша. 1999 жылғы студент қыз 6 қыркүйекте ауырып қалған болатын. Оған суық тиіп, ангина диагнозы қойылып, ем алып жүрді. Кейін оқуға Көкшетауға кетті. Қазір онда да тексеріс жүріп жатыр. Өкінішке қарай, қыз бүгін түнде қайтыс болды», — деді Бекшин Денсаулық сақтау министрлігінің брифингі барысында.

Оның айтуынша, қызда тек суық тиюдің белгілері болған.

«Оған дейін қыз тұмауратып жүрді, ем қабылдады. Қазір сараптамалық зерттеулер жүргізіліп жатыр. 5 күннен соң нақты қорытынды диагнозын айтамыз. Әзірше менингиттің расталмаған түрі деп отырмыз», — деді Бекшин.

Дәрігерлер  СҚО-да тамыз айының басында да осындай бір жағдайдың тіркелгенін айтып өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.