Тараз қаласы «Төрткүл» керуен-сарайында алғашқы рет «Қазақ ауылы» кешенінің ашылу салтанаты өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Салтанатты іс-шарада Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі Аслан Сабыржанұлы және Жамбыл облысы Туризм басқармасының басшысы Қарлығаш Аралбекова сөз сөйлеп, келген қонақтарға жылы лебізін білдіріп, кешеннің ашылуымен құттықтады.
Ашылып отырған «Қазақ ауылы» кешені 5 туристік аймақтан тұрады.
Бірінші аймақта: Концерттік, театрлық қойылымдарға, яғни қазақ халқының салт-дәстүріне арналған бесікке салу, келін түсіру, тұсау кесу, ұзату және т.б. көрсетіледі.
Екінші аймақта: Қазақ халқының ұлттық тағамдары қалай жасалатыны көрсетеді (құрт, бауырсақ, бесбармақ, қымыз, шұбат, ірімшік және т.б. тағамдар мен сусындар).
Үшінші аймақта: Қазақ халқының киіз үйі, толық жабдықтарымен қойылған.
Төртінші аймақта: Қазақ халқының ұлттық ойындары (алтыбақан, асық, қазақша күрес, тоғыз құмалақ) сынды ойындарды келген қонақтарға көрсетіп, үйрететін аймақ болса, ал бесінші аймақ: Қазақ халқының қол өнері, яғни тері, киіз, сүйек, ағаш, күмістен жасалған бұйымдарды жергілікті ұсталар мен қолөнершілер, кәдесыйларды ұлттық нақышта жасайды.
«Қазақ ауылы» кешені ұлттық салт-дәстүрімізді болашақ ұрпаққа дәріптейтін, қаламызға шет елдерден келген қонақтарға ата-бабамыздың қонақжайлылығы мен салт-дәстүрін барынша көрсететін орталыққа айналмақ.