Облыстық тілдерді дамыту басқармасы мен «Жамбыл облысы «Қазақстан студенттерінің Альянсы» бірлесе отырып, Тұрар Рысқұлов ауданында ағылшын тілінде пікір сайыс өткізді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.
Өткізілген шара көптілділікті насихаттау, бірнеше тілді меңгерген бәсекеге қабілетті жастарды анықтау, оларға қолдау көрсетіп, тілдік қабілеттерін шыңдау және көптілді орта қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.
Бұл шараға үш немесе одан көп тілді білетін 14-29 жас аралығындағы 25 қатысушы, мұғалімдер және оқушылар қатысты. «Полиглоттар» клубының мүшелері пікірсайысты Линкольн-Дуглас (LD) форматында өткізді.