Ағымдағы жылдың 23-25 қараша аралығында «Тараз-Арена» спорт сарайында мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевты еске алуға арналған еркін күрестен ересектер арасындағы халықаралық турнир өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Жарысқа Қазақстан, Моңғолия, Беларусь, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекеттерінің құрама командаларынан 170 спортшы қатысты. Спортшылар 57 кг, 61 кг, 65 кг, 70 кг, 74 кг, 79 кг, 86 кг, 92кг, 97 кг, 125 кг салмақ дәрежелерінде сынға түсті.
Аталған іс-шараға ҚР және Жамбыл облысының грек-рим, еркін және әйелдер күрес федерациясы, Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы төрелік етті.
Ал, 2 күнге созылған білектілер бәсекесінің қорытындысы бойынша 57 кг салмақта – Жаргал Дамдинов (ОҚО), 61 кг салмақта – Расул Қалиев (Қазақстан), 65 кг салмақта – Илияс Жұмай (Қазақстан), 70 кг салмақта – Иван Ефримов (Ресей), 74 кг салмақта – Арсалан Будажапов (Ресей), 79 кг салмақта – Тажидин Акаев (Ресей), 86 кг салмақта – Ойтумен Ордогол (Моңғолия), 92 кг салмақта – Әбдіманап Байкенжеев (Қазақстан), 97 кг салмақта – Александр Хаштин (Ресей), 125 кг салмақта – Бақтияр Жаңабек (Қазақстан) бірінші орынды иеленді. Жарыста I, II, III орын алған спортшылар арнайы медаль, дипломмен және демеушілер есебінен («Altais Group» ЖШС) ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетейік, турнир 2007 жылдан бастап республикалық деңгейде ұйымдастырылып келді, ал 2012 жылдан бастап халықаралық деңгейде өткізілуде.