Жуалы ауданы Қошқарата ауылында 15 келушіге арналған заманауи дәрігерлік амбулатория ғимараты ашылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Аталмыш құрылысты «Тараз құрылыс дизайн» ЖШС жүргізді. Ауылдың орталық көшесінің бойынан орын тепкен денсаулық сақтау нысанын іске қосуға келген аудан әкімі Бақтияр Көпбосынов жиналғандарды мерекемен құттықтап, жаңа ғимараттың кермесі қиды.
Сондай-ақ, жиынға арнайы келген аудандық мәслихаттың хатшысы Ерғали Тілеубеков, ауылдық округтің ардагерлер кеңесінің төрағасы Андасбек Мырзалиев, дәрігерлік амбулаторияның аға дәрігері Сұлтанмұрат Шерметов халықтың денсаулығын нығайту бағытында жасап отырған көмек-қолдауына ризашылығын білдіріп, ақ халатты абзал жандардың ел игілігі үшін жасап жатқан жұмысына табыс тіледі.
Бұған қоса, келер жылы ауданның таулы өңірлеріндегі ауылдарды газдандыру жобасына республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, келер жылы қалған 14 ауылды газдандыру жұмыстары басталатын болады.