Жуалы ауданына қарасты Ертай ауылында медициналық пункт ашылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Ашылу салтанатына аудан әкімі Бақтияр Көпбосынов, аудандық мәслихаттың хатшысы Ерғали Тілеубеков, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сейітхан Жұмашев қатысты.
— Елбасы халықтың денсаулығын нығайтуға, өмір сүру жасын ұзартуға зор көңіл бөліп отыр. Мемлекеттің осы мақсатқа бөлетін қаражатының көлемі алдағы уақытта да арта береді. Сондай-ақ, келер жылы аудан аумағынан тағы да 7 медициналық пункт салынады, — дейді аудан әкімі Бақтияр Көпбосынов.
Сонымен қатар, салтанатты шарада аудандық мәслихаттың хатшысы Ерғали Тілеубеков, ауылдық округтер ардагерлер кеңестерінің төрағалары Ормахан Нұрлыбаев және Мақсатбек Байболов ауыл тұрғындарын құттықтап, жылы лебізін білдірді.