Таразда «III Шерхан Мұртаза оқулары» байқауының облыстық кезеңі аяқталды

0 72

Тараз қаласында дәстүрлі «ІІІ Шерхан оқуларының» облыстық кезеңі аяқталды. Шерхан Мұртазаның шоқтығы биік шығармаларын жастар арасында дәріптеуді мақсат еткен байқауды Тараз инновациялық-гуманитарлық университетіндегі  «Шерхантану» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Шерхан Мұртаза шығармашылығының  арнасы кең, өскелең ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеудегі маңызы да ерекше. Шерхан Мұртаза шығармашылығы мен Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламасына үн қосу мақсатында бұл байқау дәстүрлі түрде өткізіліп отыр.

Облыстық кезеңге қалалық және аудандық  байқауларда топ жарған 97 оқушы  қатысты.

Байқау 4 бағыт бойынша өтті.  1-бағыт «Жұлдызы нұрлы суреткер» деп аталды. Қорытындысы бойынша — I орынды Нұргерім Нұрлан алса, II орынға Нұржан Асан, Венера Жамбыл, Айгерім Қуанышханова ие болды. Ал, III орынды Лаура Қиас қанағат тұтты.

2-бағыт «Рух пен намыстың төресі» деп аталды. Бұл бағыт бойынша I орын Медет Батырхан, II орынды Камила Данагүл, Камила Алтынбек, Сембек Думан алды. III орын Әлішер Нарембай, Әлішер Текебаев, Аслан Нұржасар, Бегім Меңдібаевқа бұйырды.

Ал «Зау тұлға» деп аталған кезеңде Айгүлім Жайлыбек үздік атанса, II орынды Айгерім Мүсілім, Аяулым Сарсенова және Диана Көпекова алды. III орынға  Тоғжан Азат, Саламат Осалы, Аяулым  Аяжанова, Ғалымжан Такенов жайғасты.
«Шерхан Мұртаза мұрасы» кезеңінде деп Балым Бимұрат жазушының шығармаларын жақсы меңгергені байқалды. Ал II орынды Жанель Нышанбай және Ұлдана Сұңғатова алды. III орынды Нұрсұлтан Бегасылов, Аружан Жүнісбай, Ұлмекен Жадыра қанағат тұтты.

Айта кетейік, ІІ кезеңге 14 оқушы жіберілді. Тест сұрақтары нәтижесінде ең үздік шыққан Тұрар Рысқұлов ауданынан келген Нұргерім Нұрлан университет гранты, Талас ауданынан келген Венера Жамбылға 50%, ал Меркі ауданынан келген Балым Бимұрат 25% оқу төлемақы жеңілдігінің сертификаттары табыс етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.