Таразда «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» тақырыбында форум өтті

0 13

Тараздағы Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде «Сыбайлас жемқорлықсыз ел – өркендеуші ел» тақырыбында форум өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Іс-шара 9 желтоқсан — Халықаралық жемқорлықпен күрес күніне орай ұйымдастырылды. Мақсат- қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, яғни сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту, оның ішінде тұрғындардың заң талаптарын сақтау ынтасын қалыптастыру, білім және мәдени деңгейін арттыру болып табылады.

-Бүгінде агенттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасау мәселесінде бірнеше қоғамдық институттармен өзара ынтымақтастық орнатқан. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағыты бойынша «Нұр Отан» партиясымен, Қазақстан халықтарының ассамблеясымен, кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, азаматтық сектормен тығыз байланысты орнату үшін Қазақстанның азаматтық альянсымен, жұмысшылардың мүдделері мен құқықтарын бірлесе қорғау бағытында Қазақстан Кәсіподақтар федерациясымен бірлесе нәтижелі жұмыстар жүргізілуде, — дейді ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша депертаментінің басшысы Мақсұт Нәлібаев.

Форум барысында қатысушыларға академиялық адалдық қағидаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, облыс тұрғындарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттылығын арттыру бағытында ақпараттар беріліп, форум қатысушыларын жемқорлыққа қарсы бірігіп тұруға және әлеуметтік зұлымдық – жемқорлыққа қарсы күрес жұмысына өзіндік үлес қосуға шақырды.

Жиын соңында, бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлық профилактикасы және оған қарсы іс-қимыл туралы жарық көрген ең үздік жарияланымдардың облыстық байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.