Алматыда желтоқсанның 10 мен 14 аралығында, ҚР Ұлттық кітапханасыда ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында отандық документалистика саласының майталмандары түсірген деректі фильмдердің көрсетілімі өтеді.
Аталған фильмдер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында көтерілген мәселелерді көрсетеді.
Көрсетілім барысында ұсынылатын фильмдер:
«Қазақстан табиғаты: Хангүл соңынан» (10 желтоқсан, 16:00)
«Ерекше мекен. Qyzylorda» (11 желтоқсан, 16:00)
«Қазақстан табиғаты: Түлпандар атамекені» (12 желтоқсан, 18.00)
«Қазақстан табиғаты: «Алатау» (13 желтоқсан, 18.00)
«Қазақстанның түркі халықтары» циклынан «Құтыда жанған алау» (14 желтоқсан, 18.00)
Фильмдер аннотациясы:
«Қазақстан табиғаты: Хангүл соңынан»Фильмнің бас кейіпкері – Тоғай кермаралы (немесе бұхар бұғысы) шөлді аймақтарды мекендейтін асыл тұқымды бұғылардың түршесі. Метрге жуық мүйізіндегі өсіндісіне байланысты Шығыста оны «хангүл», ал Батысеуропа мәдениетінде – «хан гүлі» деп атайды.
Сценарий авторы – В.Чернов
Режиссері – В.Чернов
«Ерекше мекен. Qyzylorda»: Фильм әлемге танымал нысан – Байқоңыр ғарыш айлағына арналған. Неге бұл нысан дәл осы жерде құрылған және бұған не себеп? Жас астрофизик Байқоңырдың өткені, бүгіні және келешегі жайында сөз етеді.
Сценарий авторы – А.Мәзібаева
Режиссері – А.Каменский
«Қазақстан табиғаты: Түлпандар атамекені»: Деректі фильмде автор әлемдегі ең танымал және сүйікті гүлдердің бірі – түлпан жайлы әңгімелейді. Фильм жер бетіне адамнан 20 миллион жыл бұрын пайда болған гүл туралы.
Сценарий авторы – О.Белялов
Режиссері – О.Белялов
«Қазақстанның табиғаты: «Алатау»: Деректі фильм Жетісудың маржаны — «Алатауға» арналады. Тянь-Шань тауын қазақ Алатау деп атаған. Жетісу – Қазақстанның ең көркем мекендерінің бірі. Оның алуан түрлі географиялық аймақтарын көру үшін картаға үңілсеңіз болғаны. Жетісудың оңтүстігінде Тянь-Шань таулары, солтүстігінде – Балқаш көлі.
Сценарий авторы – О.Белялов
Режиссері – О.Белялов
«Қазақстанның түркі халықтары» циклынан «Құтыда жанған алау»: Фильмнің мақсаты түркі халықтарын байланыстыратын – тіл, тарих, мәдениет
туралы сөз ету. Фильм ескі заманнан, күні бүгінге дейін нені сақтап, нені жоғалттық деген сауалға жауап іздейді.
Сценарий авторлары – Б.Қайырбеков, А.Черендинова
Режиссері – Б.Қайырбеков
Дереккөз: Baq.kz