Дәрігерлер, IT-мамандары мен құрылысшылар. Ресейлік басылымның зерттеуі бойынша әлемде халықтың сұранысын тудырып отырған мамандықтар – осылар. Ал, әлемде ең сирек кездесетін және қызықты саналатын кәсіптер туралы естуіңіз бар ма?
Бесінші орын – доп жинаушы. Гольф пен теннис ең көп тараған спорт түрі десе де болады. Ал, ойын барысында доптардың жоғалып кетпеуін қадағалап, оларды жинап отыратын жандар да бар және допты әкеліп беру де солардың мойнында.
Төртінші орын – құмырсқа аулаушы. Олар құмырсқаларды жинап, арнайы орталыққа тапсырады. Ал, орталық оларды өсіріп, дәрі-дәрмек жасауға пайдаланады.
Үшінші орын – пингвиндерді көтеруші. Антарктидада мекен ететін бұл құстар аспаннан ұшақ көрсе, мойындарын созып қарайды екен. Мойындарын созған соң, шалқасынан құлап түседі. Ал, олар арқасымен құлаған жағдайда өздігінен қайта тұра алмайды. Міне, құстарға көмекші жандар оларды қайта тұрғызады.
Екінші орын – тыңдаушының жұмысы. Оның міндеті – кез келген жанды мұқият тыңдап, оның қуанышы мен қайғысына ортақтасу. Сөйлеушінің әр қалжыңына күліп, әр ойымен келісіп, басын изеп отыру. Бір қызығы, бүгінде Токио көшелерінде осы кәсіппен айналысатындар саны артып келеді.
Бірінші орын – ит секілді үретін жандар. Швейцарияда ит сатып алсаңыз, мемлекетке салық төлеу міндеттелген. Кейбір жандар ит сатып алады да, ақша төлеуден бас тартады. Осы кезде көмекке келетін иттің дауысын салып, үре білетін жандар. Олар үрген кезде үйдегі ит «жауап» береді. Осылайша, қай үйде ит бар екені анықталады. Егер оның жүйеге тіркелмегендігі анықталса, қожайын айыппұл төлеуге міндетті.
Дереккөз: Massaget.kz